«Біреуді қуантқың келсе, алдымен баланы қуант» демекші, бұл дүниеде бала қуанышынан, бала шат күлкісінен артық не бар шіркін! Күнделікті күйбең тірлік қамы тек бала күлкісімен тәтті қылықтарымен мәнді, сәнді болады.
Бала артымыздан еріп келе жатқан ізіміз, болашағымыз, ұлтымыздың келешегі. Ал келешек ұрпағымыздың білімді саналы, тәрбиелі болып өсулері балабақша деген ұлы мекеннен бастау алады. Біз тәрбиешілер, жас бүлдіршіндердің тұлға болып қалыптасулары мен адамдықтың негізін бойларына қалыптаруда бар күшімізді саламыз. Мемлекет тарапынан да мектепке дейінгі орындарға көп көңіл бөлінуде. Заман талабына сай балабақшаларда балаларға білім мен тәрбие беру үшін барлық жағдайлар жасалған. Балалар білімді салауатты өмір салтын ұстанатын, дені сау, тәрбиелі болу үшін алдымен балаларға керек дүниелердің барлығы балабақша ұйымдарында табылуы маңызды дүние.
Біздің балабақшада барлық жағдайлар жасалған. Әлі күнге дейін жасалуда. Мәселен 2023 жылы жаңа жылдың бастамасы жақсы жаңалықтарға, біздің балабақша үшін толы болды. Қазіргі тәрбиелеп жатқан балаларымның қуанышы мен болашағы үшін жақсылық жасап, қолдау көрсеткен демеушілердің бірі: Алматы қаласындағы ТОО "Interoil Marketing&Services Kazakhstan" атты беделді компаниялардың бірінде бас директордың бизнесті дамыту жөніндегі кеңесшісі болып қызмет атқаратын менің туған қызым, Бошкулова Дания Нурсеитовна. Ол балабақшамызға су жаңа балаларға арналған он жұмсақ диван мен бес бизикуб (300 мың көлемінде) сыйлады. Жаңа дүниелерді көрген балалармен балабақша қызметкерлернің қуанышында шек жоқ. Бір қолыммен өз бесігімді, бір қолыммен түз бесігін тербетіп жүріп, осындай тәрбиелі, өзгеге жақсылық жасай білетін мейрімді ұрпақ тәрбиелеп өсіргенім үшін қатты қуаныштымын. Дания Нұрсейітқызына балабақша ұжымы болып шын жүректен алғыс білдіреміз. Ананың ең үлкен қуанышы баласының жетістігін көруі. Қызымның осындай игі іс жасауы оның үлкен жетістігі деп білемін. Жақсы адамдар қашанда жанымызда жүреді.