Балаларға патриоттық тәрбие беріп, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятамыз.Ерлік, батылдық, достық, қамқорлық сияқты қасиеттер бала бойына осы кезден сіңіріледі.Отанды сүю, қорғау, үлкендерді құрметтеу секілді ұғымдарды кішкентай жүректерге ерте жастан ұғындыру өте маңызды.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – елдегі барлық ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын бейнелейтін мереке. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Бірлік күні – бейбітшілік пен келісімді, өзара құрмет пен достықты дәріптейтін ерекше мейрам.

Бала тілі-бал атты "Қарлығаш" ересек тобының балапандарымен сұхбат өткізілді.
Мақсаты: Баланың өз ойын айтып жеткізуге үйрету.Сұхбаттасу арқылы сөздік қорын дамыту.

Ғарышкерлер күніне арналған шығармашылық жұмыстар 🚀 Балалардың ғарыш туралы танымын кеңейту, қызығушылықтарын ояту. 🚀 Ғарышкерлердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. 🚀 Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту( қиялдау,ойлау, елестету). 🚀Қол маторикасын дамыту(аппликация, сурет салу,мүсіндеу арқылы).

Тақырыбы: "Тіл -татулық тірегі"
Мақсаты: Балалардың ана тіліміздің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге, танымдық қабілеттерін арттыру. Өз тілімізді құрметтеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру. Елтаңбамызды, Туымызды құрметтеуге үйрету.

"Балапан" бөбекжай- бақшасы.
Тақырыбы: 1 Қырқүйек "Білімнің бастауы - балабақшада" атты тәрбиелік іс-шара өтілді.
Мақсаты: Балаларға білім тұралы мағлұмат беру. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Егеменді Ел Қазақстан жайында толық мағлұмат беріп, ой - өрістерін дамыту. Өз Отанын сүюге, қастерлеуге баулу. Өз Еліне деген қызығушылықтарын арттыру.

"Балапан" бөбекжай-бақшасының жаздық жоспарына сай
"Қарлығаш " ересек тобында Тақырыбы: "Ата заңым - ардақты" атты іс шара өткізілді.
Мақсаты:Ата заң туралы тәрбиеленушілердің түсініктерін кеңейту.Заңның өмірмен байланысын түсіндіру,Отанын қорғауға,сүюге еліміздің рәміздерін қастерлеп,халқымыздың әдеп-ғұрпы,салт-дәстүрін сақтап,Ата заңымызды құрметтеп,ұлтжандылыққа,достыққа тәрбиелеу. Сұрақ беру арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Zaveduyuschij

Курманбаева Булбул Муратовна
Блог директора

НАШИ ВОСПИТАТЕЛИ

Дауыс береміз!

Сайтымызды бағалаңыз!