2025 жылдың 11 наурыз күні “Балапан” бөбекжай-бақшасында “Асханаға, қош келдіңіз!” ата-аналар үшін ашық есік күні өткізілді.
Мақсаты:
Асхана қызметкерлері ата-аналарға балалардың қалай тамақтанатынын, қандай тағамдар ұсынылатынын және жалпы тамақтану процесінің қалай ұйымдастырылатынын түсіндіріп өтті. Ата-аналарға күнделікті ас мәзірін таныстырып, тағамдардың дайындалу барысымен бөлісті.

Медбике: Д.Н. Хайрходжа

WhatsApp_Image_2025-04-01_at_22.55.59.jpeg  WhatsApp_Image_2025-04-01_at_22.56.00_1.jpeg  WhatsApp_Image_2025-04-01_at_22.56.00.jpeg  WhatsApp_Image_2025-04-01_at_22.56.01_1.jpeg WhatsApp_Image_2025-04-01_at_22.56.01.jpeg

 

“Балапан” бөбекжай-бақшасының кіші қызметкерлерімен және “Қарлығаш” ересек тобының тәрбиеленуші қыздарымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

“Тазалық-ағза саулығының кепілі” деген ұғым адамның денсаулығын сақтаудың және нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде тазалықтың рөлін көрсетеді. Ағзаға зиянды микробтар мен вирусдардың жұғуын болдырмау үшін жеке гигиеналық тазалықты сақтау қажет.

“Қарлығаш” ересек тобымен “Дәрумендер немесе фастфуд” тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.
Дәрумендер мен фастфудтың арасында маңызды айырмашылықтар бар. Дәрумендер ағзаға қажетті қоректік заттар болса, фастфуд — бұл тез дайындалатын тағамдардың түрі, оның құрамында ағзаның қажетті дәрумендері мен минералдары жеткіліксіз болуы мүмкін.

Медбике: Хайрходжа Д.Н.

“Дәмдінің бәрі пайдалы ма?”атты “Қарлығаш” ересек тобы мен “Бүлдіршін”орта тобының тәрбиеленушілерімен
іс-әрекет өткізілді.
Мақсаты:
Дәмді және пайдалы тағамдарды дұрыс таңдай білуге үйрету.
Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Дәмді тағамдардың пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін екенін түсіну арқылы денсаулықты сақтау.

Медбике: Д.Н.Хайрходжа

 

2025 жылдың 03-14 наурыз аралығында “Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақатану мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында “Балапан” бөбекжай-бақшамызда өтетін он күндік іс-шараның ашылу салтанаты өткізілді.

Мақсаты: Дұрыс тамақтануды насихаттау — бұл адамдарды денсаулықты сақтау мен жақсарту мақсатында дұрыс тамақтану туралы білім беру және олардың күнделікті рационын дұрыс таңдау жасау үйрету процесі. Бұл насихаттау денсаулыққа пайдалы тағамдарды таңдау, тамақтану режимін сақтап, қажетті дәрумендер мен минералдарды жеткілікті түрде алуды қамтиды.

Медбике: Д.Н. Хайрходжа

 

 

"Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында "Балапан" бөбекжай-бақшасында 10 күндік іс-шара жоспары.
WhatsApp_Image_2025-04-01_at_17.52.29.jpeg

WhatsApp_Image_2025-04-01_at_17.52.30.jpeg

WhatsApp_Image_2025-04-01_at_17.52.30_1.jpeg

WhatsApp_Image_2025-04-01_at_17.52.30_2.jpeg

 

2025 жылдың 12 наурыз күні “Балапан” бөбекжай-бақшасында тамақтану сапасы бойынша ата - аналар арасында сауалнама жүргізілді.
Ата-аналардың балалардың тамақтануы туралы түсінігін білу.
Бала денсаулығына қатысты дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты жинау.
Балабақшадағы тағам қызметін жақсартуға арналған ұсыныстар алу.

Медбике: Д.Н.Хайрходжа

WhatsApp_Image_2025-04-01_at_18.06.14.jpeg  WhatsApp_Image_2025-04-01_at_18.06.14_1.jpeg  WhatsApp_Image_2025-04-01_at_18.06.15.jpeg 

 

 

Zaveduyuschij

Курманбаева Булбул Муратовна
Меңгеруші блогы

Тәрбиешілер туралы мәлімет

Дауыс береміз!

Сайтымызды бағалаңыз!