Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс- әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.

"Балапан" бөбекжай-бақшасының жоспарына сай "Қарлығаш" ересек тобында "Алтын күз" атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мақсаты:

Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту,күзгі табиғаттың ерекшеліктерімен таныстыру, күздің негізгі белгілерін атап, көкөніс және жеміс-жидектерді ажырата білуге үйрету,  шығармашылық қабілетттерін дамыту, табиғатты қорғауға және сүйюге тәрбиелеу.

"Балапан" бөбекжай-бакшасының жоспарына сай "25-қазан Республика күнi" атты мерекелiк ic-шара жургiзiлдi.Максаты: Балаларды өз отанын сүюге, мемлекеттiк рәмiздерiн кұрметтеуге, патриоттык сезiмдерiн ояту.

"Балапан" бөбекжай-бақшасында 1-қыркүйек Білім күніне арналған "Білімнің бастауы балабақша" атты тақырыпта ертеңгілік өткізілді. "Қарлығаш", "Бүлдіршін" топтары қатысып қыздарымыз шығыс,қамажай, көбелектер биін билеп өнерлерін көрсетсе, ұлдарымыз ертеңгілікке келген қонағымыз жалқаубекке ұқыптылықты үйретіп,бірге қызықты ойын ойнап, тәртіпті болуға шақырды.

"Балапан"бөбекжай-бақшасында 30-тамыз Конститутция күніне орай"Ата заңым-ардағым" атты тақырыпта "Қарлығаш", "Бүлдіршін" топтарында таза ауада тәрбие сағаты балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,еліміздің ата-заңын,рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

"Балапан" бөбекжай-бақшасының жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес "Панамалар шеруі" атты тақырыпта ата-аналармен бірлескен мерекелік іс-шара ықпалдастық орнату, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бүлдіршіндерге көтерінкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.Жақсы ойын көрсеткен ата-аналар мен бүлдіршіндер марапатталды.

"Балапан" бөбекжай-бақшасында жазғы сауықтыру кезеңінде бүлдіршіндердің денсаулық дағдысын қалыптастыру,шынықтыру шараларымен денсаулықтарын нығайту мақсатында бессейінде балалар суда еркін шомылып, көтеріңкі көңіл күйде болды

Zaveduyuschij

Курманбаева Булбул Муратовна
Меңгеруші блогы

Тәрбиешілер туралы мәлімет

Дауыс береміз!

Сайтымызды бағалаңыз!