"Балапан" бөбекжай-бақшасында 24.07.2023 жылы кезектен тыс өндірістік жиналыс өткізілді.
"Балалардың өмір қауіпсіздігі" тақырыбында!
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша әдіскер Сейтмуратова Қаламқас және медбике Нұрман Бекайым тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне барлық қызметкерлердің жауапты екендігін, баланың жарақаттануына жол берілмеуін ескерте келе, бала өмірінің қауіпсіздігі мен оның денсаулығын қорғау мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті міндеттерінің бірі екендігін, баланы қауіпсіздіктен сақтап қана қоймай, оған қауіпсіз тәртіп дағдыларын үйретіп, қатерлі жағдайлар туралы ұғымдарын қалыптастыру керектігін түсіндірді.