Меркі ауданы әкімдігінің білім

бөлімі, коммуналдық мемлекеттік

мекемесіне «Балапан» бөбекжай-бақшасынан

Анықтама

Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып «Балапан» бөбекжай-бақшасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне және таралуына, өршуінің туындауына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар.

Күн сайын әр бір жас тобында балаларды таң ертеңгілік тексеріліп қарап қабылданады (термометрия жүргізіліп, теріні,жоғарғы тыныс жолдарының көрінетін шырышты қабығы тексерілді)

Үш және одан көп күн болмаған балаларды дәрігердің денсаулық жағдайы туралы анықтамасымен қабылданады.

Күніне бір рет желдете отырып, топтардың үй-жайларында кварц қосылып залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.

Балалар, ата-аналар және мекеме қызметкерлері арасында жұқпалы сырқаттанушылықтың алдын алу шаралары туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бөбекжай-бақшасындағы балалар жоспарлы профилактикалық екпелері күнтізбеге сай егілген.

Балалар бөбекжай-бақшаға бірінші қабылданарда денсаулық паспортымен, денсаулық жағдайы туралы анықтама құжатымен қабылданады.

Бөбекжай-бақшасында балалар және мекемелер арасында сырқаттанушылық анықталған жоқ.

«Балапан» б/б меңгерушісі: Б.М.Курманбаева

16 26 16 26

 

Қызылша(лат.Morbilli,ағылш.Measles) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесетуберкулезауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің әсерінің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмекке жүгіну керек.

Алдын алу

Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстаған жөн. Әсіресе, тамаққа жарымаудан болатын аурумен ауыратын, туберкулезбен немесе бойға сіңіп кеткен басқадай аурумен ауыратын балаларды сақтандыру керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар ұйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің балалары, егер олар бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. Жас балалар организмінің қызылша ауруына қарсы тұрып, шетінемеуі үшін олардың жетіліп, ет алуы қажет. 8 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.

16 26

Zaveduyuschij

Курманбаева Булбул Муратовна
Меңгеруші блогы

Тәрбиешілер туралы мәлімет

Дауыс береміз!

Сайтымызды бағалаңыз!