«Балапан» бөбекжай-бақшасының жоспарына сай бүлдіршіндерге таза ауада ертегі оқып,киіпкерлерімен таныстырып, атребуттар арқылы сахналатып ойнатылды.

«Балапан» бөбекжай-бақшасының жоспарына сай 2023 жылы 14 маусым күні «Ботақан» тобы «Сиқыршы су» атты тақырыпта, бояғыштар арқылы суды әр түрлі түстерге бояу арқылы тәжрибе жасалды.»Бүлдіршін, » «Қарлығаш» топтарында медбике Нұрман Бекайым жаз мезгіліндегі әр түрлі инфекциялардың алдын алу мақсатында тамақтарын,дене қызуын тексеріп, балабақшада және үйде жеке бас тазалығын сақтау туралы түсіндіріліп таза ауада спорттық «Кім жылдам» ойыны ойнатылды.

«Балапан’ бөбекжай – бақшасында жаздық жоспарға сай «Жабайы аңдар «атты тақырыпта ұйымдастырылған іс-әрекетті таза ауада бүлдіршіндеріміз атрибуттарды қолдана отырып дауысын, іс- қимылдарын сомдап көрсетті.

«Балапан» бөбекжай-бакшасында 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне «Ел рәміздері -еркiндiк нышаны»тақырыбында iс-шара өткiзiлдi. Мақсаты: Отан, Қазақстан туған жер туралы кеңiнен түсiндiрiлдi . Балаларды Отан сүйгiштiкке, халқына адал қызмет етуге,елiнiң туын, Елтаңбасын, әнұранын қастерлеуге тарихын бiлуге тәрбиелеу.

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балапан» бөбекжай-бақшасында «Бар мейріміміз балаларға» атты тақырыпта балалардың көңіл күйлерін көтеру, мерекені сезіндіру, қуанту мақсатында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Ауданның білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі мен педагог мәртебесін арттырудағы шығармашылық ізденісі үшін Сейтмуратова Каламкас Құрмет грамотасымен жәнеде Облыстық «Мен зеттеушімін» байқауына тәрбиеленушілермен бірге Сейтмуратова Қаламқас,Абдиева Тұрсынай 3-дәрежелі дипломмен
Аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы мен Аликулов Есім марапатталды.

Zaveduyuschij

Курманбаева Булбул Муратовна
Меңгеруші блогы

Тәрбиешілер туралы мәлімет

Дауыс береміз!

Сайтымызды бағалаңыз!