«Балапан» бөбекжай-бақшасының «Ең үздік дамытушы орта» байқауының жеңімпаздары I-дәрежелі дипломмен Абдиева Турсынай, II-дәрежелі дипломмен Утепбергенова Дария, III-дәрежелі дипломмен Накипбекова Ұлжан марапатталды.

«Балапан» бөбекжай-бақшасында жоспарға сай балабақша психологы Ә.Т Бейсембиева «Топтағы балалардың психологиялық тұрғыда мектепке оқуға дайындығын бақылауға арналған жаттығулар» тақырыбында «Қарлығаш» тобымен жаттығу жұмыстарын өткізді.

«Балапан» бөбекжай-бақшасында жоспарға сай «Кім күшті, кім епті !» атты тақырыпта шынықтыру шаралары, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.

1-мамыр Бірлік күні «Балапан» бөбекжай-бақшасында жоспарға сай барлық топтар арасында «Береке-бірлік,ырыс-ынтымақта» атты тақырыпта мерекелік ертеңгілік өткізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің #57 бұйрығына сәйкес «Балапан» бөбекжай- бақшасында 28-сәуір күні 1-тұрақты тәрбиеші лауазымына конкурс жарияланған.

17-25 сәуір аралығында кандидаттардың құжаттарды қабылданды.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен меңгерушілер арасындағы «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» атты байқауға «Балапан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Курманбаева Булбул Муратовна ll-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Наурыз айының 22ші жұлдызы күн мен түн,жарлы мен бай, хан мен қара теңескен күн.Халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрыпын үйрету,наурыз мерекесі қазақтың ұлттық мирамы екендігі туралы, бүлдіршіндермен таныстыру мақсатында «Балапан» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері мен ата-аналарының ықпалдастығымен бірлескен «Армысың Әз-наурыз» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Zaveduyuschij

Курманбаева Булбул Муратовна
Меңгеруші блогы

Тәрбиешілер туралы мәлімет

Дауыс береміз!

Сайтымызды бағалаңыз!